Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қанат Ислам WBO рейтінгінде алтыншы орынға көтерілді

Бүкіләлемдік бокс ұйымы боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады.

1433750079qf99x

Бұл туралы sports.kz хабарлайды.

Жаңа рейтинг бойынша алғашқы орта салмақта бокстасатын (69,9 келі) қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 6-шы орынға жоғарылап WBO-дағы ТОП-15 боксшы қатарына кірген.

Әзірге көш басында америкалық Деметриус Андраде болса, ұйымның чемпионы атағы мексикалық Сауль Альварестің еншісінде. Сонымен қатар, Қанат Ислам IBF рейтінгінде 15-ші, WBA рейтінгінде 5-ші орында тұр.

Бұған дейін Қанат Исламның соңғы ганалық Патрик Аллотейге қарсы өткізген кездесуіне қатысты дау туындаған болатын. Айта кетейік, 29 қазан күні Қанат Ислам Патрик Аллотеймен кездесіп, кәсіби рингтегі 22-жеңісіне жеткен еді.

Оқи отырыңыз:

Желіде Головкиннің егізінің суреті пайда болды (фото)

Әуесқойлық бокста Головкинді соққан боксшы жекпе-жектен кейін комаға түсті

Андре Уорд ұпай саны бойынша Сергей Ковалевтен басым түсті

Боксшы Жанқош Тұраров дүркіретіп той жасады (фото, видео)

Талқылау