Қанат Ислам Рио Олимпиадасының жолдамасы үшін таласқа түсе ме

Бейсенбі, 17 Наурыз , 2016 14:01

Кәсіпқой бокста бағын сынап жүрген қазақ боксшысы Қанат Ислам Рио Олимпиадасының жолдамасы үшін таласқа түсе ме? Бұл сұрақтың жауабын танымал спортшының өзі айтты.

51kanat

Сурет: azh.kz 

Бұл туралы боксшы Ойшоғыр порталына берген сұхбатында мәлімдеді.

Қанат аға, кәсіпқой боксшылардың да Олимпиадаға қатысуына болады деген сөз шыққалы «Қанат Ислам барады ма екен?» — деген сұрақты әр қазақ қойды десек артық айтқандық емес. Себебі бәріміз олимпиадада көк туды желбіреткеніңізді көргіміз келеді. Риоға барып, ел намысын қорғау қаншалықты мүмкін болып тұр?
Елдің ықыласына, қолдауына рахмет. Мені іздейтін қазағымның барына шүкір. Елдің ықыласы жеңіске жетуіме сенім ұялатып, серпін береді. Қазір мен АҚШ-та келесі жаттығуыма дайындалып жатырмын. Бұйыртса жекпе-жек келесі айдың сегізіне деп жоспарлануда. Әрине, мен үшін Оолимпиаданың орны бөлек. АҚШ-та да көк туды желбірету үшін жүрмін ғой. Бірақ Олимпиада ойындарында әнұранды ойнату ол бөлек нәрсе. Ол – бөлек қуаныш.

Қазір менің салмағымда Данияр Елеусінов, Жәнібек Әлімханұлы інілерім өнер көрсетіп жүр. Екеуі де жақсы жігіттер. Олар бокс әлемінің жарық жұлдызына айналатынына сенемін. Тілекшімін. Шынымды айтсам, сол екі інімнің жолын кескім келмейді. Әрине, маңдайға жазғаны болады. Егер, Қанат Оолимпиадаға елдің атынан сен баруың керек десе, мен дайынмын. Бәрін тастап баруға әзірмін. Биылғы дода өте тартысты болмақ, Олимпиадада өнер көрсететін бауырларыма тек сәттілік тілеймін. Көк туды желбіретіп, ел қоржынына көп алтын салады деп сенемін.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар