Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қанат Ислам мен Хуан де Анхель жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен өтті (фото)

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам колумбиялық Хуан де Анхельмен айқас алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Осыдан кейін Қанат Фейсбуктегі жеке парақшасында өз ойымен бөлісті.

К-Ислам

– Өздеріңіз көрдіңіздер, салмағым 69,8 келіні көрсетті, бәрі ойдағыдай өтті. Көңіл- күйім тамаша,- деп жазды ол. Ал оның қарсыласы колумбиялық Хуан де Анхельдің салмағы 69.3 келі болды.
Үмітін үкілеген қазақстандықтар Қанат Исламнан тек жеңіс күтеді.

Талқылау