Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қанат Ислам: Елімізді әлемдік бокс аренасында лайықты көрсете білуім керек

29 қазанда Алатау баурайында қазақтың батыр ұлдарының бірі Қанат Ислам ганалық Патрик Аллотеймен жұдырықтасады. Осы ретте боксшы жекпе-жекке дайындығы туралы ойымен бөлісті.

photo_69429

Бұл туралы halyksozi.kz хабарлайды.

“Мен қазір нағыз бабымдамын. Аллаға шүкір, жақсы дайындықтамын. Америкадан келген бапкерім дайындап жатыр. Жарыс таяған сайын уақыт та тығыз. Күнделікті күн тәртібім жаттығу мен қайта қалпына келуден басталады. Ендігі кезекте мақсатым – жақсы нәтиже көрсету”, – дейді боксшы.

Бірақ бұған дейін БАҚ-қа сұхбат берген ганалық боксшы Қанатты Қазақстанда қиналмай жеңетінін айтқан болатын.

“Мен кәсіби рингте алғаш рет өз елімізде жергілікті жанкүйерлер алдында шаршы алаңға шыққалы отырмын. Халқымның маған үміт артып, қайда барсам да, тіпті, әлеуметтік желілерде де жылы лебіздерін білдіруі маған үлкен демеу береді. Халқыма, жанкүйерлеріме алғысым шексіз. Бұған қоса биыл еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Мұның өзі де маған үлкен жауапкершілік жүктегендей. Сондықтан елімізді әлемдік бокс аренасында лайықты көрсете білуім керек”, – деді Қанат Ислам.

Айта кетейік, Қанат Ислам мен Патрик Аллотей арасындағы жекпе-жек 29 қазанда Алматыдағы жаңадан салынған «Алматы Арена» спорт кешенінде өтеді. Бұл ғимаратқа 12 мың көрермен сияды. Сондай-ақ осы бокс кешінде Жанқош Тұраров, Руслан Мырсатаев, Әли Ахметов, Айдар Шәрібаев, Айдос Ербосынұлы және Жәнібек Әлімханұлы өнер көрсетеді. Соңғысы кәсіпқой бокста алғаш рет бақ сынайын деп отыр.

Оқи отырыңыз:

Танымал шахматшы қыз Иранда хиджаб киюден бас тартты

Көру қабілеті минус 17 болатын қазақстандық азамат спортпен айналысып, университетте білім алады

Футбол тарихында қақпашы соққан ең үздік гол (видео)

БАҚ Мадияр Ашкеевті Қазақстанның жаңа жұлдызы деп атады

Талқылау