Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қанат Ислам: Бұл – қазақ елінің жеңісі

Қанат Ислам 9-раундта нокаутпен жеңіске жетті. Осылайша өзінің бірінші орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental нұсқалары бойынша белдіктерін сақтап қалды. Осыған орай, қазақстандық спортшы барша жанкүйерлеріне алғыс білдірді.

21435849_1391208294249505_2764035046678462464_n

Сурет: Қанат Исламның жеке парақшасынан

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Бұл жеңіс Қазақ елінің жеңісі! Бұл жеңіс Тəуелсіз елдің жеңісі! Бұл ынтымақ пен бірліктің жеңісі! Əлем алдында ұлтымыздың абыройы асқақтай берсін! Көк ту желбіресін! Сол жолда жұмылған жұдырықтай жұмыс жасауды жазсын! Бокс кешінің бас серіктестері: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, “Самұрық Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры, Астана қаласының әкімшілігі, Алматы қаласы əкімдігі, “ZHERSU” өндірістік-инвестициялық корпорациясы, “BI Group”, “Базис А” және “Mabetex Grou” құрылыс компанияларына алғыс білдіреміз! Намыс жоқ жерде жеңіс жоқ!” – дейді Қанат Ислам.

Естеріңізге сала кетсек, UCNLive.com сайтының тілшісі Райан Скалия Қанат Исламның (25-0, 20 КО) Брэндон Кукке (18-1, 11 КО) қарсы кездесуіне қатысты пікір білдірген болатын.


Жіберіп алмаңыз:

Ермахан Ыбырайымов: Тәуелсіз ел болмасақ, бұл бокс кеші де болмас еді

Жанқош Тұраровтың қарсыласы рингке қазақтың шапанын киіп шықты

Мамандар: Қанат Ислам Кукке қарсы өзінің карьерасындағы ең үздік жекпе-жегін өткізді

Геннадий Головкин қызды болды

Талқылау