Қанат Ислам BoxRec рейтингісінде бірден 15-орынға табан тіреді
Отандық спортшы Қанат Ислам канадалық былғары қолғап шебері Брэндон Кукті жеңгеннен кейін беделді BoxRec.com сайтының рейтингінде жоғарылады.
Сурет: Қанат Исламның жеке парақшасынан
Бұл туралы Sports.kz басылымы хабарлайды.
Осы уақытқа дейін Қанат Ислам аталған рейтингте бірінші орта салмақ бойынша 25-сатыда тұрған болатын. Соңғы жекпе-жегінен кейін ол 12-орынға көтерілді. Ал Кук керісінше 22-орнынан 43-орынға түсті.
Естеріңізге сала кетсек, күні кеше Қанат Ислам Кукты 9-раундта техникалық нокаутпен тізе бүктірген болатын. Қазақстандық боксшы бұл жеңісін туған еліне арнайтынын айтты.
Жіберіп алмаңыз:
Қанат Ислам: Бұл – қазақ елінің жеңісі
Ермахан Ыбырайымов: Тәуелсіз ел болмасақ, бұл бокс кеші де болмас еді
Жанқош Тұраровтың қарсыласы рингке қазақтың шапанын киіп шықты
Мамандар: Қанат Ислам Кукке қарсы өзінің карьерасындағы ең үздік жекпе-жегін өткізді
Талқылау