Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қанат Ислам Алматы әкімі Байбекке тарту жасады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекпен кездесті.

9898

Бұл туралы спортшы өзінің Инстаграмдағы парақшасында жазды.

“Елді ойлаған əкім, ініге қамқор аға, спорт жанашыры Бауыржан Байбек ағаммен бүгін жүздесіп, алдағы жоспарларды талқыладық. Бұйыртса, жақсы жаңалық күтіңіздер!” – деді Қанат Ислам.

Боксшы кездесу барысында әкімге өзінің қолы қойылған бокс қолғаптарын сыйлаған. Желі қолданушылары өз кезегінде спортшыға сәттілік тілеген.

Айта кетейік, Қанат Ислам кәсіпқой рингте 23 кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Соңғы рет 18 ақпанда бразилиялық Робсон Ассисті нокаутқа түсірді.

Оқи отырыңыз:

Түрік боксшысы Головкиннің бүкіл тісін қағып алатынын мәлімдеді

Қанат Ислам ағылшынша қалай сөйлейді (видео)

Әйгілі Диего Марадона өз сүйіктісіне шабуыл жасады

Василий Левит аса ауыр салмақтағы неміс боксшысын нокдаунға жіберді

Талқылау