Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қанат Ислам 21-ші жекпе-жегіне дайындық үстінде (видео)

Қанат Исламның 21-ші жекпе-жегі 8 мамыр күні өтеді. Боксшы қазір АҚШ-та жаттығу жасап, кездесуге қызу дайындалу үстінде.

20160428075013

Сурет ҚазАқпарат

Бұл туралы oishogyr.kz хабарлайды.

«Көңіл-күйім керемет. Қазір жарысқа қызу дайындық жүріп жатыр. Бұл жолғы қарсыласым – колумбиялық Хуан де Анxель. Осы уақытқа дейін 18 кездесу өткізген тәжірибелі боксшы. Өзіндік стилі бар. Мен ешқандай қарсыласымды осал деп есептеймін. Әр кездесуіме бар күшімді салып дайындаламын. Себебі бұл – бокс. Бокста дайындықсыз жеңіс болмайды. Алла бұйыртса,жұдырықтасатын сәтті асыға күтіп жүрмін. Қазақ еліне тағы да бір жеңіс сыйлап, ел абыройын асқақтату – мен үшін үлкен қуаныш», – дейді Қанат Ислам.

Қанат Ислам 2008 жылы Бейжің олимпиадасында Қытай атынан шығып, қола жүлдені иеленді. Бұдан кейін 2010 жылы Қазақстанға келіп, 2011 жылы азаматтық алды. 2012 жылы Лондон олимпиадасына қатысу мүмкін болмағаннан кейін, кәсіпқой боксқа ауысып бүгінге дейін 20 кездесу өткізіп үлгерді. Барлық кездесуінде жеңіске жеткен Қанат, оның 17-сін нокаутпен аяқтаған.

32 жасар қазақстандық боксшы соңғы рет 2015 жылы 8 қарашада доминикандық 31 жасар Джонатан Батистаны бірінші раундта-ақ сұлатып салған.

Талқылау