Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қанат Ислам 2017 жылы Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізуі мүмкін

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (22-0, 18) WBO тұжырымы бойынша бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы мексикалық Сауль “Канело” Альвареспен жекпе-жек өткізуі мүмкін.

20170111144225

Бұл туралы Fightnews.com хабарлайды.

Қазіргі таңда тарап жатқан ақпарат бойынша қос боксшы арасындағы кездесу 6 мамыр күні 80 мың адамды сыйдыратын Техастағы “Даллас Ковбойз” стадионында өтуі мүмкін. Басылымның мәліметінше, Альварес осы жекпе-жекке WBO белдігін қоюға қарсы емес. Қазір қазақстандық бұл ұйымның рейтингінде бесінші орында келе жатыр.

Альварес өзінің соңғы кездесуін 17 қыркүйек күні аталмыш стадионда британиялық Лима Смитке қарсы өткізіп, жеңіске жеткен болатын. Ал Қанат 29 қазан күні Алматыда ганалық Патрик Аллотейден басым түсті.

Оқи отырыңыз:

Тараздық балуан қарсыласын адам таңғаларлық әдіспен алып ұрды (видео)

Әлемге әйгілі желаяқ Усейн Болт бүкіл жүлделерінен айырылып қалуы мүмкін

Мейвезер: Альварес Головкинді нокаутпен жеңеді

Қытайлық клуб Роналду үшін 300 млн еуро ұсынды

Талқылау