Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қанат Бозымбаев павлодарлықтарды Ресейде сатып алған пәтерлерін заңдастыруға шақырды

Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев өңір тұрғындарын Ресейде сатып алған пәтерлерін заңдастыруға шақырды.

8509c6335747b427e622eb3d2100fa79

Сурет ortcom.kz сайтынан алынды

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Рубль мен теңге арасындағы валюталық қатынас жағдайы қандай да бір дәрежеде Павлодар облысының экономикасына әсер етті. Тұрғындар өздерінің дивидендтерін алды. Көптеген павлодарлықтар Омбы және Новосібір облыстарында пәтерлер сатып алды. Мен оларды осы мүліктерін заңдастыруға шақырамын. Жыл соңына дейін тағы да қосымша тиісті жұмыстар жүргіземіз. Осы орайда тұрғындар осы пәтерлерді заңдастырады деп ойлаймын»,-деді облыс әкімі.

Заңдастыру акциясы басталғалы 3,5 млрд. теңге сомасына 1782 нысан заңдастырылды. Екінші деңгейлі банктер филиалдарында 5 жинақтаушы есеп-шоттар ашылып, оған 456 млн. теңге аударылды.

Талқылау