Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қанат Бозымбаев орынбасарының тұтқындалуына қатысты пікір білдірді

Саран әкімі болып тұрған кезде 200 миллион теңге жымқырды деп айыпталған энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа ведомство басшылығынан өз қызметін тоқтатуды немесе өз еркімен жұмыстан босатуын сұрады. Ал ведомство басшысы Қанат Бозымбаев өз орынбасарының тұтқындалуына қатысты пікір білдірді.

Қанат Бозымбаев

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Бас прокурордың пікірінше, 2015 жылы ол (ред. Анатолий Шкарупа) әлденені дұрыс істемеген. Оны қауіпсіздік кеңесінде білдім. Қауіпсіздік кеңесі өтетін күні оны Қарағанды облыстық прокуратурасына шақырды. Менің білуімше, одан куәгер ретінде жауап алған. Меніңше, қазір де статусы куәгер ретінде көрсетілген», – дейді энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

Сонымен қата  Бозымбаев басқа да орынбасарларына қатысты қылмыстық істердің аяқталғанын айтты. Ғани Сәдібеков пен Бақытжан Жақсыалиев те мемлекет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау