Қанат Бозымбаев Қазақстанды жанармай тәуелділігінен арылтуға уәде берді

Қанат Бозымбаев Қазақстанды жанармай тәуелділігінен арылтуға уәде берді. Энергетика министрі биылғы жылы мемлекетті жанармаймен 90% қамтамасыз ететінін айтты. Бұл жыл ортасында Шымкенттегі мұнай өңдейтін зауыттың жаңғыртылуынан кейін мүмкін болмақ.

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Кеше Астанада лауазымды шенеуніктер алқасының отырысы өтті. Отырыста Қанат Бозымбаев мұнай бағасының өсіп келе жатқанын атап өтті.

««Брент» маркалы мұнайдың орташа бағасы 2016 жылы 45 долларды, 2017 жылы 54 долларды құрады. 2018 жылы мұнайдың бір баррелінің құны 55-60 доллар болады деп болжануда», – дейді ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

Сондай-ақ, Қанат Бозымбаев Павлодар мен Атырау қалаларындағы мұнай өңдеу зауыттарының жаңғыртылуын 2017 жылғы маңызды оқиға ретінде атап өтті. Ал жарты жылдан кейін Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытының жағыртылу аяқталады. Мұнан кейін мұнай өңдеу көлемін жоспар бойынша 1 миллион 100 мың тоннаға арттырып, 16 миллионға жеткізеді. Тіпті, импорттан арылуымыз да мүмкін көрінеді.

«Ішкі нарықты отандық жанар-жағармаймен қамтамасыз ету биыл жанармай бойынша 90%, дизель отыны 90%, авиакеросин 70% және мазут 100% болады», – дейді ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

Сонымен қатар энергетика министрі 2020-2021 жылдары жанармай тапшылығы, 2023 жылы дизель, 2026 жылы авиакеросин тапшылығы орын алуы мүмкін екенін де атап өтті. Сондықтан төртінші мұнай өңдеу зауытының құрылысы басталатын болады. Алайда құрылыс жұмыстарының қашан басталатынын жазда белгілі болмақ.

Оқи отырыңыз:

Бағым Мұхитденова: Мен аузымды ашатын болсам, жақсы болмайды

Қайрат Нұртас Түркияда үш күн қатарынан концерт бермек

Төреғали “Қатемді кешіріңдер” деп концерт бергелі жатыр

Жалығып кеттім: Бағлан Әбдірайымов квартет орындайтын әндерді ұнатпай жүр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар