Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қанат Бозымбаев «Ертіс» футболшыларынан өз алаңында жеңілмеуді өтінді

Кеше Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев «Ертіс» ФК-ның бапкерлерімен және ойыншыларымен кездесуде футболшылардан өз алаңында ұтылып қалмауды өтінді.

VNB_29312222

Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.

“Павлодарлық футбол мектебі еліміздегі мықты ұжымдардың қатарында. Тәуелсіздік жылдарында «Ертіс» бес мәрте ел чемпионы атанды. Төрт рет күміс жүлдеге қол жеткізді. Әр жылдары команда сапында мықты футболшылар өнер көрсетті. Биыл да команда ойыншылары жоғары жетістіктерді бағындырады деген үміттеміз. Жанкүйерлердің тілегі сол. Әзірге басты мақсат – біріншіліктің алғашқы кезеңі бойынша үздік алтылықтан орын алу. Кейін жүлдеге таласу мәселесі де шешімін табар. «Ертіс» жейдесін киген жаңа ойыншыларға қош келдіңіздер деймін. Командаға тек қана жеңіс тілеймін!, – деді аймақ басшысы Қанат Бозымбаев.

Сондай-ақ өңір басшысы павлодарлық жанкүйерлердің сүйікті командасына қолдау көрсетуге қашан да әзір екендігін айтты. Команда капитаны Давид Лория өз кезегінде павлодарлықтардың үмітін ақтау үшін барын салуға сөз берді.

“Биылғы жылы командалар көптеген мықты ойыншылармен толықты. Көш басында «Астана» мен «Қайраттың» көрінетіні айдан анық. Ал, алтылықтағы қалған төрт орынға 15 команда таласады. Сондықтан маусым өте тартысты болмақ”, – деді Д. Лория.

Естеріңізге сала кетсек, 13-наурыз күні сағат 15.00-де «Ертіс» өз алаңында көкшетаулық «Оқжетпеске» қарсы алғашқы ойынын өткізеді.

Талқылау