Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қанат Бозымбаев “18-рет” туралы сын айтқан депутатқа жауап берді

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев жанармай нарығындағы жағдай туралы оның БАҚ-қа берген жауабына көңілі толмаған депутаттардың сөзіне қатысты пікір білдірді.

Сурет: Болат Шайхинов

“Депутаттар өз пікірін білдірді. Мен ешқандай мәселе көріп тұрған жоқпын. Өйткені үкіметтің жұмысына сыни тұрғыда қарау — олардың жұмысы. Біздің министрліктің мәжіліспен қарым-қатынасы жақсы”, — деді Бозымбаев БАҚ өкілдеріне.

Ол мәжілісте көптен таныс әріптестері мен достары бар екенін де айта кетті.  “Депутаттардың бірі менің 18-рет түсініктеме бергенімді айтқанын сұрап тұрсыздар ма? Ол бұл сөздің мәтіннен жұлынып алғанын түсінбеген шығар. Өйткені осы жерде сіздермен күліп тұрдық. Мен жанармай нарығындағы жағдайды бірнеше рет түсіндірдім. Тағы да айта аламын. Біз бұдан проблема жасамаймыз”, — деді Бозымбаев.

Еске сала кетсек, 31 қазанда үкімет отырысынан кейін Бозымбаев елдегі жанармай нарығындағы жағдайдың мән-жайын түсіндірді. Ол журналистер қойған сұраққа  жауабын “18-рет айтып берейін” деп бастаған еді.  Кейін мәжіліс депутаты Михаил Чирков министрдің бұл жауабына көңілі толмай, мемлекеттік органдардың бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-қатынасына қатысты сыни пікір білдірді.


Жіберіп алмаңыз:

Әблязов Бельгияның азаматтығын алу үшін келіссөздер жүргізіп жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев латын әліпбиін енгізуге қатысты өз пікірін айтты

Медведев қазақ-қырғыз шекарасындағы ахуалға қатысты пікір білдірді

Бақытжан Сағынтаев Қырғыз премьерін орнына қойды

Талқылау