Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қанат Әлжаппаров танымал айтыскердің сынына жауап берді

Қанат Әлжаппаров пен өзге де жұлдыздар жақын күндердің бірінде “Жұлдыздар айтысады” шоуында өнер көрсеткен-ді. Аталған шоу-айтысты көрген танымал ақын Аманжол Әлтай Қанат Әлжаппаровтан қазақтың киелі өнерін қорламауды сұрап, сынаған болатын. Бұл сынға қатысты пікірін Қанат Әлжапаров Baistars.kz тілшісіне айтып берді.

новый коллаж

Жақын күндердің бірінде болған “Жұлдыздар айтысады” шоуын сынағандар аз емес. Соның ішінде, таяқтың ұшы әзілқой Қанат Әлжапаровке де тиген болатын.

Естеріңізде болса, елімізге танымал айтыскер ақын “Қанат бауырым, бойыңда азаматтық намысың болса, ұлттық өнерге деген құрметің болса, енді айтыс саxнасына шықпауыңды сұраймын. Айтыс өнері еріккеннің ермегі емес, өнерді олай қорлауға болмайды… Қазақтың баласы болсаң енді қой, ақылың жетсе кешірім сұрасаң да артық емес. Төреғали, Еркін, Роза секілді ақындық таланты бар өнер иелерінің айтысқа шыққанын қолдаймын, жылы қабылдаймын. Жанар, Ұлықпан секілді айтыстан ауылы алыс әншілерге ақылға келіңіздер демекпін. Киелі өнердің кұтын қашырмайық!”, – деп пікір білдірген болатын.

Мұны естіген әзілқой актер  “Мен бұл айтыста өзіме берілген тапсырманы орындап шықтым. Және шоу айтыстың басы-қасында Жүрсін Ерман аға өзі жүргеннен кейін қатысқан болатынмын. Аманжол аға тарапынан айтылған сын-пікірлерді дұрыс қабылдаймын. Міндетті түрде одан нәтиже шығаруға тырысамын”, – деп қысқа қайырды.

Естеріңізге сала кетсек, айтыскер Аманжол Әлтайдың Қанат Әлжаппаров пен танымал әншілерден өнерді қорламауын сұрағаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау