Актер Қанат Әлжаппаров қызды болды

Дүйсенбі, 26 Қыркүйек , 2016 10:27

«Әзіл әлемі» театрының актері, белгілі әзілқой Қанат Әлжаппаров қызды болды. Оның есімін – танымал актер Тұрсынбек Қабатов “Аянат” деп қойған.

14272045_1110581522353028_6911417460977565696_n

Бұл туралы актер өзінің желідегі парақшасында халықтан сүйінші сұрап, хабарлады.

«Әйелімнен дәл осындай шығады деп ойламаппын. Қолымдағы қыз – Аянат Қанатқызы Қанат. Қызыма ат қойған – Тұрсынбек Қабатов», – деді ол.

Желі қолданушылары Қанатты қуанышты жаңалығымен құттықтады. Кейбіреулер әзілкеш жігітке өз «тілінде» жауап берді.

«Қанат, әйелің сен күтпеген сыйлық жасапты, сен қалай білмей қалдың? Сонда да бауы берік, ғұмыр жасы ұзақ, тәтті қыз болып өссін», «Ол сенен шыққан ғой, әйеліңнен емес», «Қызықсыз ғой, сонда 1-2 балаңыз қайдан шықты», «Көбейе беріңіздір», «Бауы берік болсын» – деп пікір білдірді желі қолданушылары.

Жіберіп алмаңыз: 

Қанат Әлжаппаров танымал айтыскердің сынына жауап берді

“NinetyOne” тобын қолдаған оңтүстік жастары батыр бабалардың сырға тағып, шаш бояғанын мысалға келтірді (видео)

Сәкен Майғазиев “Ninety one” тобына қатысты пікір білдірді

Әлжаппаров пен Спабековке балалар пародия жасап жүр (видео)

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Анонимно says:

    Бауы берік болсын! Ата-анасының сұлу да, ақылды қызы боп өсе берсін.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар