Әбдіжаппар Әлқожа: Ашық-шашық жүріп, боянып, сырға тағып жүргендер қазақтың ортасына кіре алмайды

Сазды әндерімен халықтың жүрегін жаулап алған Қанат Үмбетов пен Әбдіжаппар Әлқожа Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісіне Q-POP  бағытындағы әншілер жайлы не ойлайтындарын айтып берді.

Әбдіжаппар Әлқожа

Әбдіжаппар Әлқожа ерекше бағыттағы әншілердің ғұмыры ұзаққа бармайтынына сенімді.

“Қазақ эстрадасында әр әншінің өз бағыты болуы керек. Біреу шашын бояйды, біреуі тырыстырып киінеді, енді басқасы санын көрсетеді. Әркім өзінің образында. Бірақ, мен әншімін, мен қазақпын деген адам халықтың санасын түсінсе, ондай жұмыс жасамайтын еді. Олар түсінбей, шетелге еліктеп жүр. Біздің қазақты ағылшын, орыс екен деп ойлап қалып жатыр. Біздің қазақ рухты, намысты ұлт қой. Үлгі тұтар аға-әпкелеріміз бар. Солардың ізімен еріп жүре беруіміз керек. Болливудқа, Америкаға, Голливудқа еліктемей, солардың ізімен еріп жүре беруіміз керек. Негізі, ашық-шашық жүріп, боянып, сырға тағып жүргендер қазақтың ортасына кіре алмайды. Бес жылдан кейін сахнадан кетеді”, — дейді әнші.

Әбдіжаппар Әлқожаның әріптесі Қанат Үмбетовтің айтуы бойынша, олар сахнада ұзақ уақыт жүрмейді.

“Мен жалпы Q-POP бағытындағы әншілерді әнші деп есептемеймін. Олар бес жыл емес, бес күннен кейін жоқ болып кететін бір күндік әншілер. Олардың аудиториясы 10-14 жас аралығындағы қыздар. Олар әннің мән-мағынасын түсінеді деп айта алмаймын”, — дейді ол.

 

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
12.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар