Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Канадалық тұрғын балағаттау мен сауықты жақсы көретіндер үшін йога курсын ашты

Калгари Линдси Истэйс қаласының тұрғыны “Ашулы йога” атты курс ашты. Ерекшелігі сол, сабақ кезінде балағат сөз айтуға, сыра ішіп думан құруға да болады.

pic_33e65819e54c0ace38996cc3097f74bf

Сурет Oliver Berg / DPA / Globallookpress.com

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

Курс аптасына екі рет бір сағаттан өткізіледі. Dickens пабында өтетін дәріс кезінде ауыр музыкалар қойылады. Осы арқылы қатысушылар бойларындағы ашу-ызаны сыртқа шығара алады.

Әйелге идея жеке өміріндегі оқиғадан соң келген.

“Мен йогаға бара бастағанда әртүрлі курстарды көрдім және ешқайсына кіре алмадым. Барлығында да еш эмоциясыз қалыпты жаттығулар. Мен мұндайды қаламадым”, – дейді ол.

Автордың айтуынша “Ашулы йога” тек тәжірибеде алға жылжып ғана қоймай, адам бойындағы артық ашу мен кекті алып тастайды.

Автор дәстүрлі дәрістен де бөлек онлайн курс өткізуді де жөн деп тапқан. Kickstarter порталында парақша ашып, қаржы жинап, жуық арада жаңа жобасын да бастап кетпек.

Талқылау