Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Канадалық студент университеттің жанынан тұрғызған киіз үйде өмір сүреді (фото)

Канадалық студент Майкл Джеффри білім алып жүрген университетінің жанынан киіз үй тұрғызып, сол арқылы пәтер жалдап тұру ақшасын үнемдеп қалды.

enhanced-4469-1456247704-10

Сурет buzzfeed.com

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Джеффри Томпсон Риверс университетінің (Канада) жанынан Орталық Азияның көшпелі халықтары пайдаланатын киіз үй тұрғызды.

Джеффридің киіз үйі жылқылар қамалатын қораның бұрышында орналасқан. Ай сайын студент учаскені жалға алу үшін 150 доллар төлейді. Сондай-ақ, киіз үйдің жабдықталуы туралы да ұмытқан жоқ, ол ішіне пеш салды. Джеффридің генераторы да бар, бірақ телефоны мен ноутбугын жақын жерде орналасқан дәмханадан қуаттайды.

Канадалық студент университетінен небәрі 10 минуттық жолда тұрып жатыр.

enhanced-860-1456247704-9  enhanced-6457-1456247708-1 enhanced-31778-1456247704-1

Талқылау