Канадалық мәнерлеп сырғанаушылар Денис Теннің рухына қойылым арнады (видео)

Канадалық мәнерлеп сырғанаушылар Кэйтлин Уивер мен Эндрю Позе қазақстандық достары Денис Теннің рухына арнап қойылым қойды. Олар танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді еске алуға арнаған қойылымды Канаданың Оквилл қаласында өткен Autumn Classic International халықаралық турнирінде көрсетті.

Канадалық мәнерлеп сырғанаушылар Денис Теннің рухына қойылым арнады

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабаралады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Мәнерлеп сырнаушы жұп мұз айдынында билеу үшін “SOS, d”un terrien en detresse”әнін таңдады. Естеріңізде болса, Денис Тен өткен жылы ауыр жарақаттан кейін аренаға дәл осы әнмен оралған болатын.

Бақұл болған достарына қойылым арнаған канадалық мәнерлеп сырғанаушылар бұл әуенді осы жазда Денис Теннің Қазақстандағы шоуына қатысқан кезде естіген.

«Бұл ән біздің миымыздан шықпады. Содан үйге келіп, әннің басқа нұсқасын жасау үшін бағдарлама жасадық. Қайғылы оқиға болғанда біздің миссиямыз мұны Денис үшін жасау керек екенін түсіндік», – дейді Уивер.

Эндрю Поже де жаттығудың оңай болмағанын, бірақ Денис жайлы барлық естеліктер оларға қуаныш сыйлағанын айтты. Поже мен отандасымыз жақын араласқан достар болған. Әсіресе, бірге жаттыққан жылдары олар көп көңіл-көтерген екен.

«Біз Денистің әлемдегі көптеген адамдардың жүрегіне қалай әсер еткенін білеміз», – дейді Поже.

Достарының рухын құрметтеп, әсерлі қойылым көрсеткен спортшылардың өнері 120,74 ұпаймен бағаланды. Турнирдің қорытындысы бойынша мәнерлеп сырғанаушылар 197,27 ұпай жинап, алтын медальдармен марапатталды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
17.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар