Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Канадалық көз жанарына камера орнатты

Бір көзі көрмей қалған канадалық Роб Спенс бұл олқылықтың орнын толтырудың жаңаша әдісін тапқан. Әдетте мұндай ауруға ұшырағандар операцияға немесе басқа да медицина мүмкіндіктеріне жүгініп жатады.24034ae7c00138b560e5c194e9c357aa

Бұл туралы Daily Star хабарлайды.

Ал 43 жастағы канадалық көрмей қалған көз жанарына кішігірім камера орнатып қойыпты. Ол енді камера арқылы сыртқы дүниеге қарап ғана қоймай, оны камера жадына да жаза алады.photo_23777

8e3fc6ac80499ec44c0f0c5131478851 Камера алыстан қарағанда құдды көз секілді көрінеді. Алайда, ол денедегі жүйке талшықтарымен байланыстырылмапты.

Роб оң жақ жанарынан тоғыз жасында айырылған екен. Роб Спенс өзінің жаңа көзі, адамдардың эмоциясын дер кезінде байқап, жазып алады, ал оны кейін деректі фильм ретінде пайдалануға болады деп ойлайды. Ал, көздегі бұл құрылғыны ол магнит арқылы басқарады.

40fead33fd17d0a05414c629ded0e80a

98e4cd984370479514be6fb497a143a0

Талқылау