Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Канадалық арбаушы телекөрерменді қимылсыз қалдырды

Францияның оңтүстік-батысында құтқару қызметі ерекше тапсырманы атқаруға мәжбүр болды. Оларға канадалық арбаушы Месмердің телешоуын көргеннен кейін қимылсыз қалған адамның туыстары хабарласқан.

гипнотизер

Сурет kratko-news.com

Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

Телекөрерменнің отбасы құтқарушыларға зардап шегуші бір сағат бойы теледидардың алдында қозғалыссыз отырып қалғаннан кейін хабарласыпты. Оны бұл күйден арылта алмай қойған кезде әйелі шынымен де қорқып кеткен. Тек әйелі қаттырақ айқайлағаннан кейін барып, күйеуі есін жиған.

Құтқарушылардың айтуынша, арбауға қатты еліткен телекөрермен қазір өзін жақсы сезінуде. Алайда ол өзін сұмдық бір сезімнің арбап алып, құдды есінен ажырап бара жатқандай күй кешкенін жасырмаған.

Талқылау