Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Канадада жынысы белгісіз сәби қалай өмір сүріп жатыр

Канада тарихында мұндай оқиға бірінші рет болып отыр. Перзентханадан сәбиге жынысы жазылмаған туу туралы куәлік берілген. Аталған құжат сәбидің ата-анасының арқасында жасалған екен.

386462317

Бұл туралы anews.com басылымы хабарлайды.

Кори Доти айналадағыларға өзін трансгендер ретінде таныстырады. Өзін әйел немесе ер адам санатына жатқызбайды. Ол тек өзінің ғана емес, бүгінде 8 айлық сәбиінің тағдырының дәл осындай болғанын қалаған екен.

125695181

170455922

Коридің айтуынша, баласы кәмелеттік жасқа толған шақта өзінің жынысының қандай екенін өзі анықтайды. Мұнымен қатар, Кори сәбиін перзентханада емес, таныстарының үйінде босанған екен. Сол себепті, сәбиінің жынысы бірден тіркелмеген. Туу туралы куәлікті тек араға 8 ай салып барып алған.


Жіберіп алмаңыз:

Малайзияда дүкеннің жанынан қолтырауынды ұстап алды

Француз бизнес-ханымы Құран сүрелерін білетін, орамал таққан қуыршақ шығарды

Осетияда бұлақтың суы лапылдап жанды (видео)

Итті құдай көретін мяо халқы оған ерекше құрмет көрсетті

Талқылау