Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Канадада Қазақстаннан барған 10 мың адам өмір сүреді

Канадада Қазақстаннан барған10 мыңдай адам өмір сүретіні жайлы бүгін Астанадағы баспасөз мәслихатында Қазақстанның Канада мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Константин Жигалов мәлім етті.

780975015ce49b654ddc796df3666385

Сурет: tcc.com.ua 

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Оның сөзіне қарағанда, Канадада бүгінде білім сапасы жоғары болғандықтан, еліміздің студенттері үшін айтарлықтай тартымды ел ретінде танылып отыр. «Болашақ» бағдарламасы аясында бұл елде 150 студент білім алып жатқан көрінеді.

«Канададағы біздің балалардың жағдайын үнемі бақылап отырамыз. Бізде қай елді мекенде қанша бала тұрып жатқандығы туралы нақты кесте бар және ондағы отбасылардың аты-жөнін егжей-тегжейлі білеміз. Олар үшін түрлі шараларды үнемі ұйымдастырып келеміз», – деп тоқталды елші.

Талқылау