Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Канадада ер адам жүргізушіні пышақпен қорқытып, өзін дәмханаға жеткізуді талап еткен

Торонтода белгісіз ер адам дәмханаға тезірек жету үшін рейстік автобус жүргізушісін кепілге алған. Полицияның мәліметінше, бұл қылмыс жұма күні Торонтоның солтүстігінде болған.

1536a28016c28176bc975d3da66fee6d_L

Сурет: www.vesti.az

Аты-жөні ашық айтылмаған ер адам автобусқа мініп, жүргізушіні қолындағы пышағымен қорқытып, оны танымал Tim Hortons канадалық дәмхана желісіне тезірек жеткізуді талап еткен. Алайда бұзақы жүргізушіге ешқандай зардап бермеген. Қазір жасы 20-дан асқан бұзақы тұтқындалды. Торонтоның көлік комиссиясы автобус жүргізушісінің бұндай «арсыз» әрекетті көріп, таңқалып отырғандығын айтады. Ол сондай-ақ жергілікті тәртіп сақшыларын қылмыскер жолаушыны жедел арада қолға түсіргендігі үшін алғыс айтты.

Талқылау