Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Канада туралы 20 қызықты мәлімет

Stan.kz ақпараттық агенттігі Канада туралы қызықты, әрі танымдық деректер ұсынады.

Канада туралы 20 қызықты мәлімет

Әлі күнге дейін Британдық монархтың қамқорлығында қалған Канада – екі ресми тілі бар, технологиялық және индустриялық тұрғыдан дамыған көп мәдениетті ел болып табылады. Бұл Кананың жалғыз ерекшелігі емес. Канада сондай-ақ, басқа да ерекшеліктерімен алда тұрған ел.

1. Канада аумағы бойынша Ресейден кейін екінші орында тұрған ел. Оның аумағы 9,9 млн шақырым шаршы метрді құрайды және 6 сағаттық белдеуді  қамтиды.

2. АҚШ пен Канада арасындағы шекара әлемдегі ең ұзын шекара. Оның ұзындығы 8 891 шақырым.

3. Канадада ұзындығы 202 080 шақырым болатын әлемдегі ең ұзын жағалау сызығы бар.

4. Солтүстік америкалық құндыз Канаданың ұлттық жануары болып табылады.

5. Елдің Канада аталуының шығу төркіні де қызықты. Француз зерттеушісі Жак Картье жаңа әлемге жеткенде, жергілікті тұрғындар оны kanata, яғни ауылға шақырады. Сонда зерттеушілер бұны елдің атауы деп ойлап қалады. Осылайша, кейіннен Kanata атауы Канада деп өзгертіледі.

6. Бейресми түрде the Maple Leaf  яғни, үйеңкі жапырағы деп аталатын және l’Unifolié французша бір жапырақты деп аударылатын Канада туы алғаш рет 1965 жылдың 15 ақпанында елдің негізі қаланғаннан кейін 100 жыл өткен соң ғана ресми жалау ретінде пайда болды. Содан бері, Канада жыл сайын 15 ақпанда мемлекеттік ту күнін атап өтеді.

7. Канада әлемдегі ең білімді ел. Канада халқының жартысынан көбінің жоғары білімі бар.

8. Канадада шамамен 1,3 миллион украинадан шыққан адамдар тұрады. Сондай-ақ, олардың көпшілігі Канада азаматтығын алған. Украиндықтар Канададағы тоғызыншы этникалық топ.

9. Канадада әлемнің қалған бөліктеріне қарағанда көп көл бар. Тек Онтарио провинциясының өзіндегі көлдердің саны 250 мыңға жетеді. Оларда әлемдегі тұщы судың 1/5 қоры бар.

10. Йонг-стрит Торонтодағы Онтарио көлінің жағалауларын Симко көлімен байланыстыратын көше. Яғни, Канададағы Йонг-стрит көшесі әлемдегі ең ұзын көше. Бірақ, 1999 жылға дейін Гиннестің рекордтар кітабы көшенің ұзындығы 1896 шақырымды деп, қате түсінікті қайталап келген болатын.

11. Америкалықтар тарихта екі рет Канадаға басып кірді. Ол 1775 және 1812 жылдары болды және америкалықтар екеуінде де жеңіліс тапты.

12. Канаданың солтүстік-батыс аумақтарында автокөліктердің тіркеу нөмірі ақ аю пішіндес.

13. Канада – хоккейдің отаны. 1904 жылы Канадада бірінші кәсіби хоккей командасы құрылды. Ал, әлемдегі ең танымал хоккей мұражайы «Хоккей даңқ залы»  Торонтода орналасқан және ол канадалық, сондай-ақ еуропалық хоккейдің даму галереясын көрсетеді. Атақты «Стэнли Кубогы» да «Хоккей даңқ залы» мұражайында көрсетілді.

14. Канада Ұлы Отан соғысына жапондықтар Перл Харборға шабуыл жасағаннан кейін, Америка Құрама Штаттарынан бір күн бұрын қатысты.

15. Канаданың көп бөлігінде Жердің қалған бөлігіне қарағанда жердің тартылыс күші аз. Бұл құбылыс 1960 жылдары ашылды.

16. Канадалық полицейлер жақсы нәрсе жасайтын адамдарға «жағымды билет» бере алады.

17. Канада Сауд Арабиясы мен Венесуэладан кейін мұнай қоры бойынша үшінші орын алатын ел.

18. Әлемдегі ең үлкен агломерат Токиомен салыстырғанда Канадада адам саны аз. Токиода 37,8 млн адам тұрса, Канадада 35 млн адам өмір сүреді.

19. Канадада, сондай-ақ АҚШ-та  «Себеппен тазалық жүргізу» қызметі бар. Яғни, елде қатерлі ісікке шалдыққан әйелдердің үйін тегін тазалап береді. Бұл науқас әйелдер үй шаруасына алаңдамай, өз денсаулығына көңіл аудару үшін жасалады.

20. Ал Памела Андерсон, Леонард Коэн, Аврил Лавин, Киану Ривз, Джим Керри, Селин Дионның барлығы Канаданың тумасы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау