Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Канада оқушылары трансгендерлермен бірге дәретханаға кіруден ұялмауға шақырды

“Ұл, қыз, трансгендер немесе мүгедек — ол маңызды емес. Бастысы – қолдарыңызды жуыңыздар», – деп жазылған канадалық мектептің дәретхана есігінде.

140126ed422baa93eab99127ecd38143__1440x

Канадада мектеп оқушылары дәретхана есігіне «барлық жыныстыларға арналған» қалжыңды жазба қалдырған. Жазба арқылы оқушылар жынысына қарамастан (трансгендер болса да) барлық мектеп білімгерлерін қол жууға шақырған, деп хабарлады dailydot.com.

Ванкувердегі С.Роберт атындағы техникалық орта мектеп оқушылары бір жыныстыларға қатысты толеранттылық танытты.

Тақтайшада ұл бала мен қыз баланың суреті бейнеленген, одан бөлек мүгедек жанның белгісі таңбаланған. «Айырмашылық жоқ… Тек қолдарыңызды жуыңыздар»  (Whatever… Just wash your hands) деп жазылған тақтайшаның жазбасында.

Жазба авторлары жынысын ауыстырған жандармен бірге дәретханаға кіруден ұялмауға шақыруда.

Оқушылардың әрекетін қызтекелер қауымдастығының мүшелері жоғары бағалады. Олар мектеп білімгерлерінің заманауи көзқарасын мақтан тұтатындықтарын айтқан.

Жіберіп алмаңыз:

Американдық колледж өз студенттерін таксимен тасымалдайды

Неліктен көлікте міндетті түрде баланың сырт киімін шешу керек? (видео)

Испан жігіті қажылыққа жаяу аттанды

Калифорнияда бірде-бір мұғалімі жоқ университет ашылды

Талқылау