Қан аралас етті сүйіп жейтін ер адамның миынан 10 сантиметрлік құрт шықты

Қытайда қан аралас етті сүйіп жеген ер адамның миынан ұзындығы 10 сантиметр болатын тірі құртты алып шықты.

Қан аралас етті сүйіп жейтін ер адамның миынан 10 сантиметрлік құрт шықты

Бұл туралы South China Morning Post басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиға Наньчан қаласында орын алған. 26 жастағы Лю бірнеше ай бойы қояншық дертінен зардап шегіпті. Ал оның дәрігері нақты диагноз қоя алмаған. Мұнан кейін пациент өңірдегі орталық ауруханаға жіберілген. Ал ол жерде жасалған талдау нәтижесі ер адамның организмінде Spirometra mansoni таспа құрты бар екенін көрсеткен.

Жүргізілген зерттеу барысында паразиттің пациенттің миына орналасып алғаны анықталды. Дәрігерлер қытайлықтың басынан құртты алып шыққан. Мұнан кейін құрт тіршілігін жалғастырып, тіпті, қозғалу қабілетін де жоғалтпаған.

Қан аралас етті сүйіп жейтін ер адамның миынан 10 сантиметрлік құрт шықты

Дәрігерлердің пікірінше, Лю толық қуырылмаған етті жеген кезде, ағзасына құрттың дернәсілдері түскен.

Шанхайдағы нейрохирургия орталығының президенті Го Хуэйдің сөзінше, суы ластанған аудандарда және шикі немесе толық қуырылмаған ет, балық, теңіз өнімдерін жеген адамдарда мұндай ауру жиі кездеседі. Дернәсіл адамның ағзасына түскеннен кейін, ол әрі қарай қан айналымына тап болып, артынша ағзалардың біріне орналасады.

Ал жүрек айдап тұрғанның қанның көп бөлігі миға түсетіндіктен, құрттың адам миына жайғасу мүмкіндігі жоғары. Мұндай кезде пациенттің басы ауырып, жүрегі айнып, қан кетіп, қояншық дертінің белгілері байқалуы мүмкін.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
14.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар