Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәмшат Жолдыбаеваның жаңа киім үлгісі елге жақпай қалды (фото)

Жуырда Латвияның Юрмала қаласына саяхаттап келген әнші әрі актриса Кәмшат Жолдыбаева тағы да сынның астында қалды. Бұл жолы оның жыртық шалбары мен бір шетінен түйілген кең жейдесі ел назарын аудартты. Анығы жұртқа жақпай қалды.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Кәмшаттың кейбір оқырмандары оның киіміне деген наразылығын әжуамен жеткізді. «Юрмаланың иттері жаман сияқты, шалбарыңды талап тастапты ғой», «Расында да иттері қабаған ұқсайды», «Бұл шалбарлар сондай екен, басында жыртықтары кішкентай, отырған сайын қозғалған сайын үлкейеді», «Сол жыртық шалбарды сатып алған бас та жыртық шығар», – деп жазды олар.

Дегенмен де, Есентаеваның «қанатының астынан» шыққан жұлдыздың сұлулығына тамсанғандар да жоқ емес.

«Әп-әдемі жарасып тұр», «моданы түсінбесеңіздер үндемей өтіп кетіңіздер», – деді оқырмандар.

Жіберіп алмаңыз:

Жігіт атаулы Кәмшат Жолдыбаеваның жұдырығынан қорқып қалды (фото, видео)

Кәмшат Жолдыбаева мелодрамалық телехикаяға түсіп жатыр (фото, видео)

Ақын Құрманай Бахтиярқызы Кәмшат Жолдыбаеваға ұқсағысы келетінін айтты

Кәмшат Жолдыбаева: Қиындықтарымды шешіп беретін “көкем” бар

Талқылау