Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәмшат Жолдыбаева жаңа бейнебаянында естен тандырарлық би көрсетті (видео)

Желіде танымал әнші Кәмшат Жолдыбаеваның су жаңа бейнебаяны жарық көрді. Бұл туралы әнші өзінің Инстаграмдағы парақшасында жария етті.

Ал қазақша образдағы мына тамаша костюмнің авторы @_samidel_ сән үйіне рахмет ! 😍 #Бірге

Фото опубликовано Камшат Жолдыбаева (@kamshat__zholdybayeva)

“Бәріміз де бір жерде, бір күннің астында өмір сүріп жатқан пендеміз! Әр халық өз құрметіне, берекесі мен мерекесіне лайықты!!!… Қымбатты, тыңдармандарым! “Бірге” атты жаңа бейнебаянымды қабыл алғайсыздар!” – деп жазады әнші.

Сондай-ақ, Кәмшат бұл идеяны тастап, толықтай дерлік бағыт-бағдар берген продюсері Баян Мақсатқызы мен музыкалық продюсері Бағым Мақсатқызына үлкен алғыс білдіруді де ұмытпапты. 

Ән “Бірге” деп аталады. Әншінің бұл тамаша туындысының сазын Бауыржан Бимаханов, сөзін Асқар Дүйсенбі жазған. Ал, клиптегі билердің барлығын белгілі хореограф Олег Лозовой қойыпты. 

Клиптің ерекшелігі, Кәмшат бейнебаян барысында бірнеше образда көрінеді. Біресе заманауи, бірде ежелгі кәріс стилінде киінеді.

Талқылау