Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәмшат Жолдыбаеваның сіңлісі өзінің танылуына әпкесі қалай көмектескенін айтты

Алтынай Жолдыбаева елімізге танымал әнші Кәмшат Жолдыбаеваның туған сіңлісі. Мамандығы – актриса. Телеарналардың бірінен көрсетіліп жүрген «Адасқандар» телехикаясында басты рөлді сомдайды. Халық арасында оның осы басты рөлге Кәмшат Жолдыбаева арқылы қол жеткізгені туралы қауесет  тараған болатын.

алтынай22  \

STAN.KZ  тілшісі мұның қаншалықты рас екенін түсірілім алаңында болып, өзінен сұрап-білген еді.

Алтынай Жолдыбаева мұндай сөздер мен болжамдарға көңіл аудармайтынын айтты. Қазіргі мақсаты мойнына алған рөлді асқан жауапкершілікпен, режиссердің ойындағыдай сомдап беру екен.

жолдыбаевалар

«Өмірде, шынымды айтсам, оның атын жамылған кезім болған емес. Өйткені оның өз өмірі, ал менің өз өмірім бар. Мен бар болғаны әпкемнен сабақ аламын. Оның жасап жатқан дүниелеріне көмегімді тигізіп, сұхбатқа,концертке  барарда дайындығына көмектесемін. Әрине, Кәмшаттың сіңлісі деген кезде қуанамын. Адамдар маған басқаша қарап, қарым-қатынастары өзгере бастайды. Бірақ мұны пайдаланған кезім болмапты. Бастапқыда бұл рөлге әпкемді шақырған екен, бірақ оның жобалары өте көп болғандықтан, бас тартқан. Ол маған «Өте қызық жоба секілді. Өз бағыңды сынап көрсең болады» деді. Оның ақылын тыңдап, кастингке келдім»,-дейді жас актриса.

алтынаййййй

Алтынай Жолдыбаева бұл фильмнің кастингіне  бірнеше рет қатысқанын да айтады. Қайта-қайта сыннан өткен қыз басты рөлді сомдауға мүмкіндік алған кезде, қуанудың орнына бірінші болып  жауапкершілігін ойлапты.

«Кейіпкерім өзіме ұқсап кетеді десем де болады. Бір қыры өте пысық.  Кемшілігі қырсықтығы да бар»,-деп күледі  Алтынай Жолдыбаева.

Алтынай кино,өнер саласына кездейсоқ келмеген. Актриса мамандығын бітірген маман үш жыл бойына театрда еңбек етіпті.

«Осыған дейін 3 жыл Ақтау қаласындағы Жантөрин атындағы музыкалық драма театрда жұмыс істедім. Театр мен кино– мүлде бөлек әлем. Екеуінің дәмін татып көрген соң, киноның көбірек ұнайтынын айта аламын. Қаншалықты қиын болса да, киноны артық көремін», – дейді Алтынай.

Жас актриса  Бейонсенің жұмыс істеуі мен өнеріне  қатты қызығушылықпен қарайды екен.

«Адам бір затты қаласа ол істейді. Тек мәселе ниетте. Мен қолыма алған жұмыстан нәтиже шығарып өскенмін. Тіпті өзіме ұнайтын туындыға ұсыныс түссе шашымды қиып, қажеттінің бәрін жасауға дайынмын»,-дейді жас актриса.

 

 

Талқылау