Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәмшат Жолдыбаева купальникпен түскен видеосы үшін жұрттан сөз естіді (видео)

Осы уақытқа дейін Кәмшат Жолдыбаеваға әлеуметтік желі қолданушылары тарапынан түрлі сын айтылған-ды. Көпшілік әншінің жартылай жалаңаш киімін сынайтын. Бұл жолы желідегілер әншіні купальникпен билегені үшін ұрысып тастады.

20214504_1893962550926721_4956151951868821504_n

Сурет: Кәмшат Жолдыбаеваның жеке парақшасынан

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жуырда әнші сіңілісімен бірге анасын туған күнімен құттықтау үшін Маңғыстауға барған болатын. Ол кезекті демалысын туған жерінде өткізгісі келген сыңайлы. Бірнеше сағат бұрын әнші теңізде түскен видеосын бөлісті. Аталған видеоны көрген желі қолданушылары оны ұрысып тастады. Арасында Жолдыбаеваны жақтап сөйлегендер де болды.

“Ешқандай ұят жоқ. Енді жазда демалмауы керек пе? Әлде көйлекпен суға түсуі керек пе?”, “Мұсылман баласы жалаңаш денесін көрсетпеуі тиіс. Алла кешірсін. Әйел түгілі ер адам жалаңаштануға намыстануы тиіс”, “Қырық жастан асқан Баян купальникпен түскен суреттерін салып жүр. Оның жанында Кама жас қой”, “Бұл кісіге жұрттың назары жетіспей жүр-ау”, “Тентек қой құсап не болды?”, “Ешкілер сияқты секіріп жүргені несі! Суға түссең түс, көпшілікке көрсетіп нең бар? Сені салмақты қыз екен деп ойласам”, “Кәмшат, сен сұлусың” деп жазады желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаева тағы да Алматы әкімдігіне шағымданды (видео)

Диана Шарапова қырқынан шыққан сәбиінің суреттерін көрсетіп жұрттың жүрегін елжіретті (фото)

Ақботаны қорғаған Ләйлә Сұлтанқызы жұрттың сынына ұшырады (фото)

Әнші Әдеміні сүйіктісі “пышақтап, өлтіре жаздады” (видео)

Талқылау