Кәмшат: “Томирис” фильмінің басты рөлі үшін кастингке қатыстым, бірақ өтпей қалдым

Әнші “KeshYou” тобы жайлы, өзінің қандай фильмге түскені жайлы, сонымен қатар жеке өміріне қатысты жаңалықтарын айтты.

Кәмшат Жолдыбаева

Бұл туралы “Шыны керек” бағдарламасында айтылды.

“Мен Томирис фильмінің кастингінен өткен болатынмын. Бірақ басты рөлге өткен жоқпын. Дегенмен бұның өзі мен үшін тәжірибе болды. Кастингтен өтпедім деп жүргенде, басқа рөл сомдауға ұсыныс айтты. Ол жанама рөл, бірақ ұзақ эпизод. Түсірілімі әлі жүріп жатыр”, – дейді Кәмшат.

Әнші “KeshYou” тобында болған кездерін еске алды.

“Топтағы қыздармен сол кездің өзінде кездесіп, отырып, шай ішпейтінбіз. Қазір де олай кездеспейміз. Тек ән айту, дайындалуға жиналатынбыз. Ол кезде уақыт та тапшы болды. Қазір де Жанарды тек сахна сыртында немесе әуежайда ғана көрем”, – дейді Кәмшат.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар