Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Әттең, Батыста тумадың": Кәмшат Жолдыбаеваның жартылай жалаңаш киіммен түскен бейнебаяны жұртқа ұнап қалды

Кәмшат Жолдыбаеваның Caramel атты жаңа бейнебаяны желідегі тыңдарманның пікірін екіге бөлді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Кәмшат

Youtube желісінде жарияланған Кәмшат Жолдыбаеваның Caramel атты бейнебаяны желіні жарды. Бейнебаян екі сағаттың ішінде 14 мың көрілім жинап үлгерген. Әншінің жартылай жалаңаш образына бірі қарсылық танытып жатса, енді бірі өнер иесі өзін жаңа қырынан көрсеткеніне дән риза. Осылайша тыңдарман пікірі екіге жарылды.

«Не клип деймін да? Әр жерге барып аунай берген. О дүниеге барғанда не болар екен?», «Ұнамады. Ұятсыздау. Кәмшат, Рамазан айы құтты болсын», «Ойбуй, мына байғұсқа шұғыл бай тауып беріңдер, масқара, не деген дауыстар. Кәмшат, әке-шешеңнен ұялмайсың ба? Құдай бетін аулақ қылсын, сұмдық», «Кәмшат тәте қуды», «Алжыды Кәмшат! Клипі эротикалық сцена болып, дым эстетика қалмапты!», «Жеңілтек қыз қылып көрсетіп тұр ғо өзін, орта жасқа келгенде жастарға көрсеткен үлгісінің сиқы мынау, келер жас қарындастарымыз не істемейді мынадан кейін», - деп бейнебаяндағы эротикалық сахналарды сынап, әншіні табалады.

 

Жолдыбаеваның жаңа туындысын ерекше бағалап, оң бағасын бергендер де жоқ емес. Олар әншінің жаңа қырын көріп таңғалысты. Тыңдармандардың бұл тобы локациясына, образына, ерекше әуеніне мән берген. 

«Білмеймін, маған ұнайды. Керемет бейнелер мен локациялар», «Мінекей өзгеріс, көңілімнен шықты. Кәмшаттың бейнебаяндары үнемі қызық шығады», «Әдеттегідей керемет. Локациясы көп, образдары ерекше, түсірілімі сапалы. Еліміздегі харизмасы мықты әншінің бірі»,- деп жазды.

Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр