Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәмшат ондай емес еді: Айдана Меденова экс-топтасының ұятсыз клипіне қатысты

Жақында ғана “Тәтті дауыс” атты әнге бейнебаян түсірген Айдана Меденова тыңдармандарын қуантқан еді. Әншінің аталған туындысы желіде миллионнан аса қаралым жинап, трендті видеолар қатарына кірген болатын. Айдана мұны шығармашылығындағы кезекті жетістігі деп санайды.

айдана меденова, кәмшат жолдыбаева

Меденова “Түнгі студия” бағдарламасына сұхбат беріп, өзінің және әріптестерінің шығармашылығына тоқталды, деп жазады Stan.kz.

Айдана елдің қатал сынына ұшыраған Кәмшаттың клипіне қатысты пікір білдірді. Ол бір кездері өзімен бір топта ән салған Жолдыбаеваның шынайы өмірде қарапайым қыз екенін жеткізді.

“Соңғы клиптеріне қарасам, мүлде басқаша. Мен білетін Кәмшат ондай болған жоқ. Қарапайым еді. Бұл енді тек рөл деп санаймын. Кәмшаттың өзі де солай айтады. Өмірде мүлдем ондай емес”, – дейді Меденова.
Айдананың ойынша, Кәмшат тұрмысқа шығып, келін статусын иеленген күні бұл әдетін доғарады. Себебі ер азаматтар мұндайға рұқсат бермейді. Мәселен, Айдана күйеуі Әлішердің мұндай клипке рұқсат бермейтініне сенімді.

“Ондайға Әлішер рұқсат бермеуші еді. Бірақ осы образдарымның (ред. “Тәтті дауыс” бейнебаянындағы) ішінен ұят нәрсені табатындар табады”, – дейді Меденова.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау