Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кемеровадағы өрттен кейін қазақстандық шенеунік балаларын сауда орталықтарына жіберуге ойланып қалған

Кемероводағы алапат өрттен кейін ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер еліміздегі сауда орталықтарында өрт қауіпсіздігі тексерілетінін айтты.

«Биыл еліміздегі барлық 1151 сауда орталығы тексерістен өтеді. Мен Кемеровадағы қайғылы жағдайды ескере отырып, эвакуация жолдарын, өртті анықтау жүйесі мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағдайына ерекше көңіл бөлуді тапсырдым», – деді ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер.

Төрағаның айтуынша, өрт қауіпсіздігін сақтамаған сауда орталықтары 50 АЕК немесе 120 250 теңге  көлемінде айыппұл төлейді. Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Жабық тұрған әр есік үшін айыппұл салмаймыз. Әкімшілік хаттама толтырғаннан кейін барлық заң бұзушылық соған тіркеліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар, екінші тексеріс кезінде заң бұзушылық жойылмаса, оларға қатысты материалар сотқа жіберіледі. Ол кезде айыппұл мөлшері 100 АЕК-ке дейін өседі немесе нысанның қызметі уақытша тоқтатылуы мүмкін. Өткен жылы осы шараны 21 рет қолдандық», – деді Төраға.

Сондай-ақ, ТЖК басшысы Владимир Беккер халық қауіпсіздік талаптарын бұзған сауда орындарына жазбаша түрде шағым түсіре алатынын айта кетті.

«Заң бұзушылықтың дәлелі ретінде сурет пен видео жолдаған жақсы әрине. Дегенмен, заңнамаға сәйкес жазбаша арыз қажет. Біз қазір осы жүйемен жұмыс істеудеміз. Тексерісті қатаңдату үшін бірқатар ұсыныс дайындап қойдық. Сіздерге жоспарлы тексерістің не екені белгілі. Кәсіпкер тексеріс жоспарына енгізілгенін көреді. Оның үстіне, біз бір ай бұрын тексеріс үшін келетінімізді хабарлаймыз, содан олар міндетті түрде дайындалады. Ал біз сауда нысандары қожайындарының жауапкершілігін көтеруіміз керек. Сауда орталығындағы қауіпсіздік үшін мемлекеттік инспектор емес, ең әуелі сол нысанның қожайыны алаңдауы керек», – деді Беккер.

Сонымен қатар, ТЖК басшысы балалары мен немерелерін сауда орталықтарына жіберуге ойланып қалғанын айтты.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстанда букмекер кеңселеріне қойылатын талаптар күшейтілмек

Қазақстандықтардың қанша пайызы қазақ тілін білетіні белгілі болды

Енді қазақстандықтар көліктерін кез келген ХҚКО-да тіркей алады

Павлодарлық бір отбасы Кемероводағы өртте көз жұмған

 

Талқылау