Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Камбоджаның ну ормандары көне империя мекенін жасырып келген

Камбоджадағы Ангкор-Ват көне ғибадатхана кешені әлемдегі ең ірі нысан екендігі белгілі болды. Оның аумағы 200 шаршы шақырым.

с

Алайда қазір бұл археологиялық ескерткіштің маңызы әлдеқайда жоғары: оның айналасында мегаполис болғаны анықталды. Көне мекеннің үйлері, жолдары және арналары джунглидің астында қалған, деп жазады National Geographic журналы.

Сидней университетінің археологтары LiDAR технологиясын пайдаланып,  сенсациялық жаңалық ашты.  Тікұшақтан лазерлік сәулелер жерге жіберіліп, арнайы оптикалық жүйемен өңделеді.   Нәтижесінде жер астындағы нысандардың нақты картасын құрастыруға болады. Бастапқыда бұл технология әскери қажеттіліктер үшін жасалған. Ол қарсыластың су астындағы сүңгуір қайықтарын анықтауға көмектесті.

Ғалымдар Ангкор айналасындағы джунгли 900-1400 жылдық бірнеше қаланы жасырып тұрғанын анықтады. Олар бір-бірімен жолдар, су арналары арқылы байланысқан. Кейбіреулері ауданы Камбоджа астанасы Пномпеньнен де үлкен.

Бұл жаңалық ұлы кхмер империясы туралы деректерді толығымен өзгертеді.

Талқылау