Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Камбоджада СПИД ауруын таратқан дәрігер 25 жылға сотталды

 Камбоджада Ем Чрин атты дәрігер  100-дан астам ауылдасын СПИД-ке шалдыртқан.

 
Елдегі сот  лицензиясыз жұмыс істеп келген дәрігерді 25 жылға түрмеге жапты.

Оның бір шприцпен қатарынан бірнеше науқасқа екпе жасағандығы анықталды. СПИД-ті жұқтырғандардан 10 адам көз жұмған.

Баттамбанг провинция сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, айыпталушы СПИД ауруын қасақана таратқаны және лицензиясыз жұмыс істегені үшін кінәлі деп танылды.

Ем Чрин тұтқындалған бойда қарулы күзет қойылды. Себебі полиция елді мекен халқы одан өз бетінше кек қайтаруы мүмкіндігін айтты.

Талқылау