Қамауға алынған Мақсат Үсенов сотта судьямен әзілдесіп тұрды

Жұма, 16 Маусым , 2017 21:36

Атышулы Мақсат Үсенов ұшақта шығарған шатағы үшін ақыры абақтыға қамалып тынды. Алматыдағы ауданаралық әкімшілік сотының шешімі бойынша, ол енді 10 күнін темір торда өткізуі тиіс,-деп жазды КТК арнасы.

сот

 

Бірақ бұған өзі аса қиналып отырған жоқ. Сотқа қара көзілдірік киіп келген Үсенов көзін жасырса да, езуін жия алмады. Залға кіргенненақ өзін еркін сезініп, судьяның әр сұрағын қайта сұрап, қылжақтап отырды.

Алматы-Бангкок рейсінде өзінің темекі шеккенін мойындағанымен, бортсеріктерге тіл тигізбедім, қарсыласпадым дейді Үсенов. Ал шатақ шығаруына ұшақ ішінде өзін жайсыз сезінуі себеп болыпты. Осы бұзақылығы үшін прокурор 10 күнге қамауды сұрағанда да, Үсенов оны да күлкіге айналдыруға тырысты.

-Усенов, добавить, дополнить есть что к ранее изложенному?

-Это как последнее слово?

-Да.

-Попросил бы 9 суток.

-Юмор любите?

-Нет, просто хотел бы получить 9 суток.

Сөйтіп, 10 күнге қамауға алынған Мақсат Үсеновтің қолына кісен сот залында салынғанымен, сыртқа шыға сала күзет оны шешіп тастады.

Тіпті, полицияның арнайы көлігіне де отырмай, атышулы бай баласы уақытша ұстау изоляторына жеке көлікпен аттанды. Үсенов қазір құрылыс компаниясында заңгер болып қызмет атқарады екен. Енді ол өзінің 28-ші туған күнін темір торда тойлайтын болады.

Оқи отырыңыз:

Еркенің “хит” әнін ағылшыншаға аударып алған танымал продюсер жұртты таңдай қақтырды (видео)

Сиви: Әйелдің басты міндеті – ерінің “билігін” мойындау

Баян Есентаева шпагатқа қалай отыру керектігін көрсетті (фото)

Ернар Айдар денсаулығының жақсарғанын айтып, халықтан сүйінші сұрады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар