Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қамаудағы трансгендер әйел 2 мың мәрте зорланғанын айтқан

Австралияда түрмедегі, жынысын өзгерткен әйел қамаудағы төрт жылдың ішінде 2 мың мәрте зорланғанын айтқан. Бұл азаптан бөлек әйел түрме басшыларының кесірінен қайтадан сақал-мұрты өсіп баражатқанына шағымданған.

түрмееее

Бұл туралы  dni.ru сайты жазған.

Австралиялық трансгендер әйел ерлер түрмесіндегі тәртіпсіздікті айтып шағым түсірген. Мэри есімді трансгендер түрмеге көлік ұрлағаны үшін жабылған. Абақтыға келісімен жазасын өтеушілер оған шешінуді бұйырған. Осы сәттен бастап олардың барлығы Мэридің жынысын ауыстырғаны жайлы бірден білген.

Сотталушының сөзіне сенсек шағымда өзінің күн ара зорланғанын айтқан. Кей сотталушылар оған қорған болуды ұсынып, есесіне төсектес болуды талап еткен. Мэри өзін соққы алудан қорғау үшін бірнеше рет мұндайға өзі келіскенін жасырмайды.

«Бұл жер бетіндегі тозақ. Мен өзімді өлген адамдай сезіндім»,-дейді жәбірленуші.

Қызығы түрме басшылығы Мэридің жалғыз өзін қамап кеткен кездің өзінде оны зорлағысы келгендер еркін қатынаған. Абақтыда отырған уақытында ол үш мәрте қашып кетпекші болған. Алайда ол айласынан еш нәтиже шығара алмаған.
Бұдан бөлек түрме басшылары Мэриге гормондық дәрі-дәрмектер тұтынуға тыйым салған. Қамауға алынғаннан кейін бір апта өтпей жатып Мэридің сақалы мен мұрты қайта өсе бастаған. Дәрілерді тұрақты түрде пайдалану үшін сан мәрте шағым жазғанымен Мэри ешқандай да рұқсат ала алмаған.

Талқылау