Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қалыңдық тойға 1 млн теңге бермейтіндерді достардың тізімінен өшіріп тастауға қорқытты

Бойжеткен үйлену тойын Таиландта жасағысы келді, сондықтан әрбір қонақ өзі үшін ақша төлеуге тиіс болды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қалыңдық тойға 1 млн теңге бермейтіндерді достардың тізімінен өшіріп тастауға қорқытты

Қалыңдықдың достары үйлену тойына 1 миллионнан беруден бас тартқаннан кейін бойжеткен ашуланып Facebook-та жазба қалдырды. Тойын Таиландта жасамақшы болған қыз әр қонақтан өздері үшін кемінде 3 мың доллар төлеуін сұраған. Бірақ, оның талабын естіген той қонақтары ақша беруден бас тартты. Бұл жағдай туралы пайдаланушылардың бірі оның жазбасын желіге жариялағаннан кейін белгілі болды.

«Біз туыстарымыз бен достарымызды Таиландқа үйлену тойына шақырған кезде 150 адамның тек 9-ы ғана жауап берді. Иә, мен кейбіреулер үшін 3 мың доллардың тым көп екенін түсінемін. Бірақ мен сіздерде де осындай қуаныш болғанда ақшаны аямай төлеуші едім»,- дейді қалыңдық.

Салттанатты рәсім алғашында Таиландта болуы керек еді. Бірақ ешкім мұндай соманы төлеуге келіспегендіктен, үйлену тойы АҚШ-қа жақын Гавайи аралына ауыстырылды. Осыдан кейін үйлену тойының сапары 1 мың долларға азайса да, алайда тойға баруға көбі келіспеді.

«Біз шығын аз болсын деп осылай жасадық. Бірақ нәтижесінде тағы екі адам тойға барудан бас тартты. Сапардың сомасы да, қонақтардың саны да азайды. Сіздер мен және күйеу жігітім туралы осылай ойлайсыздар ма? Біздің қуанышымызды бөлісуге 2 мың доллар аяй алмайсыздар»,- дейді қалыңдық.

Нәтижесінде, қыз үйлену тойын тоқтатып, «ешкімге ең бақытты күннің бір бөлігі болуға рұқсат етпеймін» деп, күйеуімен қашып кететінін айтты.

«Біздің шақыртуымызға жауап беру үшін үш күндеріңіз бар. Немесе біз сізді достардың тізімінен өшіріп тастаймыз және біздің жолымыз осы сәттен бастап екіге айырылады. Менің достарым ең жақсы екеніне сенімді болғанмын»,-дейді бойжеткен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау