Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қалмұханбет Қасымов: рұқсат етілмеген митинг өткізілсе, полиция шара қолданатын болады

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов 21 мамыр күні рұқсат етілмеген митинг орын алатын болса, полицияның тиісті шараларды қолданатындығын ескертті.

55_main

Сурет newskaz.ru

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

“Мен митинг өткізуге қатысты барлық сұрақ шешілді деп ойлаймын. Мемлекеттік комиссия құрылып, бәрі талқыланып жатыр. Митинг өткізуге ешқандай қажеттілік жоқ. Бізде митинг өткізуге қатысты арнайы заң бар. Егер келісілмеген жерлерде митинг орын алатын болса онда ол көлік қозғалысына кедергісін келтіреді. Мұндай жағдайда біз әрине, шара қолданатын боламыз”, – деді Қасымов мәжілістегі жиын барысында.

Сәуір айының аяғында Қазақстанның бірқатар облыстарында ауылшаруашылық жерлерін 10-25 жыл аралығында шетелдіктерге жалға беруге қатысты дау туып, митинг өткізілген болатын. Белсенділер 21 мамырда жалпы республикалық шеру жасауға шақырған.

5 мамыр күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексінің қоғамдық резонанс тудырған төрт нормасына қатысты мораторий жариялады. Елбасы тапсырмасымен құрылған 75 адамнан тұратын арнайы комиссия өзінің алғашқы отырысын 14 мамыр күні өткізді.

Талқылау