Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Калмақ жерінде 13 қазақстандық майдангердің мәйіті табылды

Қалмақ Республикасындағы Хуто ауылынан «Сармат» астрахандық іздеу жасағы Ұлы Отан соғысында мерт болған 13 қазақстандық майдангердің мәйітін тапты.

20160214132059

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Сарбаздардың есімдері табылған медальондар бойынша анықталды. Барлығы 152-ші қорғаныс-атқыштар бригадасыншың жауынгерлері болған.  Олардың ішінде үш павлодарлық бар. Бұл Яковенко Иван Трофимович, 1922 жылы туған, снаряд тасушы, Беляков Иван Григорьевич, 1922 жылы туған, қатардағы нысанашы және Сакин Николай Трофимович, 1922 жылы туған, қатардағы нысанашы. Барлығы майданға Павлодар облысы Цурюпин ауданынан шақыртылған. Бұл туралы павлодарлық «Майдан жолы» іздеу жасағының командирі Александр Шитов №11 Павлодар мектебіндегі «Ерлік сабағында» айтты.

Неміс әскері Қалмақ жерінің 8 ұлысын 1942 жылы шілдеде басып алған.  Мұнда Қызыл әскер  олардың басқыншылығын тоқтатты.

А.Шитовтың сөзіне қарағанда, павлодарлық іздеушілер осы жерде қаза тапқан ержүрек жауынгерлердің туыстарын тауып, олардың ерлігі жайлы баяндайды.

«Майдан жолы» командирі  Калмыкияда табылған қазақстандық жауынгерлердің тізімін атады:

1.Лопатин Александр Моисеевич, 1922 жылы туған, нысанашы, Алматы облысы. Гайницкий АӘК шақыртылған, мекен-жайы: Талдықорған облысы Сарыөзек стансасы, 5-ші аудан, №5 пәтер.

2.Кішімбаев Мәлік, 1915 жылы туған, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Қармақшы АӘК шақыртылған.

3.Романюк Иван Макарович, 1922 жылы туған, сержант, бөлімше командирі, Алматы облысы Қоғалы ауданы Қоғалы АӘК шақыртылған.

4.Поляков Дмитрий Григорьевич, атқыш, Архангельск облысы.

5.Яковенко Иван Трофимович, 1922 жылы туған, қатардағы жауынгер, снаряд тасушы, Павлодар облысы, Цурюпин ауданы, Кузьминка ауылы.

6.Аурамбетов Ахмут, 1922 жылы туған, қатардағы жауынгер, оқ тасымалдаушы, Қызылорда облысы Тереңөзен ауданы, Тереңөзен стансасы.

7.Исабеков Қайпек, 1922 жылы туған, қатардағы жауынгер, оқ тасушы, Қызылорда облысы Сырдария ауданы, 1 май колхозы.

8.Михайлов Илья Иванович, 1915 жылы туған, бөлімше командирі, Шымкент, Привокзальная слободка №2а.

9.Гаврилов Петр Николаевич, 1922 жылы туған, қатардағы жауынгер, нысанашы, Алматы облысы Қоғалы ауданы, Сарыөзек стансасы.

10.Беляков Иван Григорьевич, 1922 жылы туған, қатардағы жауынгер, нысанашы, Павлодар облысы Шарбақты ауданы (Цурюпин), Сергеевка кенті.

11.Сакин Николай Трофимович, 1922 жылы туған, қатардағы жауынгер, нысанашы, Павлодар облысы Цурюпин ауданы.

12.Иванов Александр Георгиевич, 1922 жылы туған, қатардағы жауынгер, оқ тасушы, Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданы.

13.Барышников Михаил Макарович, 1922 жылы туған, қатардағы жауынгер, снаряд тасушы. Жамбыл облысы Мерке ауданы Кузминка ауылы (қазіргі Сарымолдаев ауданы, Сарымолдаевка ауылы).

Талқылау