Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қалыңдық күйеу жігітінің туысын киген киімі үшін тойға кіргізуден бас тартты

Қалыңдық күйеуінің туысын үйлену тойына кіргізуден бас тартты. Оған той қонағының киген киімі себеп болыпты.

Қалыңдық күйеу жігітінің туысын киген киімі үшін тойға кіргізуден бас тартты 

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қалыңдық желіде көк-қызыл түсті, «Марвел капитаны» суперқаһарманының стиліндегі жұлдыздары бар көйлек киген кішкентай қыздың суретін жариялады.

«Бүгін болашақ туыстарымның үйінде болдым. Олар күйеуімнің жиені үшін көйлек таңдап жатты. Оларға әрі қарай көйлек іздеуі керектігін айттым. Адамдар тойға не кию керектігін білмей ме?» - деп жазды қалыңдық. 

Желі қолданушыларының дені оны қолдамады.

«Егер мұның суперқаһарманның көйлегі екенін айтпаса, өздігімнен білмейтін едім. Жұлдыздары бар әдемі көйлек», «Тойдағы қонақтар не киетінін өздері шешуі керек», - деп жазды желі қолданушылары.

Алайда қалыңдықты жақтағандар да болды. 

«Ол қыз отбасылық суреттерге түседі. Ол жай ғана қонақ емес. Бұл 100 пайыз дұрыс емес», «Егер той ғарыш немесе суперқаһармандар тақырыбында болса, мұндай көйлек киюге болар еді», - дейді пікір қалдырушылар. 
 

Талқылау