Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Калифорниядағы Google X кеңсесіне киіз үй құрылды

Американың Калифония штатындағы Google X кеңсесінде киіз үй құрылды.

юрта3
Белгілі компанияның кеңсесінде көшпенділердің баспанасы құрылғаны жайлы сонда қызмет ететін Тілек Мамутов есімді жігіт Facebook желісіндегі парақшасында да жазды.

юрта

Оның сөзінше кеңседегі киіз үй кездесуге арналған бөлме ретінде пайдаланылатын болады. Жігіт әрі қарай түсіндіріп ашып айтпаған.

юрта2

Google X бөлімі әлемді радикалды түрде өзгертуге қаухарлы технологияларды қайта жасауды қолға алған. Бұған дейін мұнда ғаламтор арқылы таратылатын әуе шарларының идеяса жүзеге асырылған.

юрта1

Желі қолданушылары Тілектің жазбасының астына түрлі пікірлер қалдырған. “Киіз үйді кездесу бөлмесіне арнайтын болса жер стол қойып, отырып сөйлескен абзал. Адамдардың аяғы ауырмайды әрі тез тіл табысады”, “Сұхбаттасу кезінде жақсы отыру үшін біздің ұлттық сусынды қойып қою керек” деген сынды түрлі ұсыныстар айтылып жатыр.

Талқылау