Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Калифорнияда мұғалімдерге қару ұстауға рұқсат етілді

АҚШ-та жаңа оқу жылы басталысымен, Калифорния штатында жаңа ереже енгізілді: мұғалімдер және басқа да мектеп қызметкерлері өздерімен қару алып жүре алады. Ол үшін оқ қаруын жасырын алып жүруге лицензиясы болу керек.

original14698128

Жаңа ережеге сәйкес, Калифорнияның кейбір орта мектептерінде мұғалімдер мен басқа да мектеп қызметкерлері қарумен жүруі мүмкін. Білім беру мекемесінде жалпы саны бес адам қару ұстауына болады. Олар өздерімен бірге оқ қаруын жасырын алып жүруге лицензиясы болу керек және алдын ала қаруды қолдану туралы курстан өтеді.

Оқиға орнына полиция жеткенше, оқ қаруын пайдалануға мұғалімдердің толық құқығы бар.

Төтенше жағдайларды қарудың көмегімен шешетін білім ордаларының бірі – “Кингсберг хай скул” орта мектебі.

– Осылайша, біз өз оқушыларымызды, қызметкерлерімізді және барлық мектеп қауымын қорғай аламыз, – деді қару ұстауға толық құқығы бар мектеп қызметкерлерінің бірі.

“Кингсберг хай скул” мектебінің директоры Ричард Шоэль де өз қызметкерлерінің қару ұстауын қолдайды.

–      Егер осы іс арқылы көпшілік өзін қауіпсіз сезінсе, бұл идеяны қолдаймын. Мәселен, аяқасты атыс-шабыс басталып кетсе, қызметкерлердің бірі оны тоқтата алады, – деді Шоэль.

Алайда, жасырын қару алып жүрген мұғалімдер оқушыларды қиын сәтте құтқара алмайды, тәжірибелі қылмыскерге мұғалімнің шамасы жетпейді деп ойлайтындар бар.

–      Егер адам қару ұстап көрмеген болса, оны дереу атады және сол қылмыскер мұғалімнің қаруын тартып алуы мүмкін, – деп мәлімдеді Кингсберг мектебінің түлектерінің бірі.

Жіберіп алмаңыз:

Канадалық шоу кезінде нысананы көздеймін деп отты қарумен күйеуін кеудесінен атып жіберді (видео)

Алматыда пистолет ұстап көшеде жүрген ер адам қаруын тұрғындарға кезенген

Талқылау