Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Калифорнияда мемлекеттік қызметкерлердің кешінде атыс болды

Калифорния штаты Сан-Бернардино қаласынның жергілікті мемлекеттік қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі адамдарға арнап жасаған кешінде атыс болды.

 

Осы кешке мекеменің 3 кешенінің конференц-залы жалға алынған.

Негізі осы кешеге ғана адамдар құжатсыз кіре алады. Конференц-залға 200-ге жуық адам сияды.

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың мекемесінде атыс 2 желтоқсанда күндізгі сағат 11.00-де. болған. Оқ жаудырған үш ер адам деген болжам бар. Күдіктілер қылмыс болған жерден  GMC Yukon маркілі қара көлікке отырып, ізін суытты.

Соңғы ақпарат бойынша, 14-і қаза болып, тағы бірнешеуі жараланған екен.

Полицейлер бірден сол аймақты қоршауға алып, ішітегі адамдарды шығарды. Ғимараттың ішінен жарылғыш зат табылып, робот-сапердің көмегімен істен шығарылды.

Бұл жағдай АҚШ президенті  Барак Обамаға хабарланды.  Қазір іс Федеральді тергеу бюросына берілді.

Талқылау