Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Калифорнияда бірде-бір мұғалімі жоқ университет ашылды

Калифорнияда компьютерлік технология саласы бойынша ерекше университет ашылды. Мұнда студенттер бір-бірімен білім алмасып және компьютерлік желіде профессорлардың қатысуынсыз жұмыс істейді.

programmist

Фото: Study Mag

Бұл туралы life.ru хабарлайды.

“42” деп аталатын университетте 1000-ға жуық студент кодтау және бағдарламалауды мұғалімнің көмегінсіз үйреніп шықпақ.

Мұнда әдеттегідей дәрістер оқылмайды. Білім алушылар бір-бірімен тәжірибе алмасып, бірігіп жобалар жасап, бір-бірін тексеріп, компьютерлік желіде жұмыс істеудің қыр-сырын меңгереді. Бұған дейін 2013 жылы Парижде ашылған дәл осындай университет өзінің пайдалылығын дәлелдеген еді. Франциялық “42”-ні бітіріп шыққан студенттер әлемге әйгілі IBM, Amazon.com және Tesla компанияларында жұмыс істеп жүр. Араларында жеке жобаларын бастап кеткендер де бар.

Сонымен қатар, Калифорнияда бұл жоғарғы оқу орнының ашылуыy IT-салада танымалға айналған мамандар, Snapchat компаниясының бас директоры Эван Шпигель, Periscope сервисінің негізін қалаушы Кейвон Бейкпур және “Фейсбуктің” вице-президенті Дэвид Маркус сынды тұлғалар қуана қолдаған.

Оқи отырыңыз:

Хиджаб киетін қыздар үшін арнайы шампунь шығарылды

Мейрамбек Беспаев 40 жасқа толған туған күнін дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

Көрінбей кеткен жұлдыздар қазір немен айналысып жүр?

Мұғалім медициналық университеттегі лекция кезінде тыр жалаңаш шешініп тастады (видео)

Талқылау