Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Калифорния полицейлері Ельчин күштеп өлтірілуі мүмкін деген болжам жасады

Калифорния штатының құқық қорғау органының қызметкерлері актер Антон Ельчиннің өліміне қатысты бірнеше себептерді қарастырып жатыр. Оның ішінде – күштеп өлтіруі мүмкін деген нұсқаны әртістің продюсері Сергей Конов айтып отыр.

Безымянный

Сурет kinru.ru

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

“Бұл өлім қатты таңқалдырады. Антонның үйіне барар жол өте керемет, ыңғайлы. Оның денесі жаншылған автокөліктің пен қақпаның қасынан табылды. Ол көліктен не үшін шықты? Полиция күштеп өлтіру дерегі бойынша анықтап жатыр”, – деді Конов.

Ельчин достарымен кездеспек болған екен. Ол өз үйінің қақпасына келіп, көліктен түскен. Бұл кезде автокөлік қол тежегішіне қойылмаған. Нәтижесінде көлік еңіске қарай қозғалып кетіп, оны қақпаға жаншып тастаған.

Орыс-еврей тегінен шыққан актер Антон Ельчин 19 маусым күні таңертең жол апатынан көз жұмған. 27 жастағы ер адамның денесін Сан-Фернандоғы үйінің жанынан достары тапқан.

Ельчин 1989 жылы 11 наурызда Ленинградта еврейлер отбасында дүниеге келген. Әкесі Виктор Ельчин мен мен анасы ирина Корина мәнерлеп сырғанаудан кәсіби жұп болып өнер көрсеткен. Антон 6 айға толғанда олар АҚШ-қа көшіп кеткен. 1990 жылдардың соңында Ельчин сериалдар мен фильмдерге түсе бастаған. Тіпті өз еркңмен Гарри Поттердің рөлін сомдап көрген.

Талқылау