Қалауына ерік берген Берік Айтжанов Голливудты бағындырмақ

Сейсенбі, 15 Наурыз , 2016 15:28

Елімізге танымал актер Берік Айтжановтың Қазақстанда сомдамаған рөлі мен бірігіп жұмыс істемеген маманы қалған жоқ шығар. Осыны ескерген актер қалауына ерік беріп, Голливудты бағындыруды алдына мақсат етіп қойыпты.

05048334

Бұл ойымен “Ел аузында” бағдарламасында бөлісті.

“Қазір уақыт өте келе ойланып отырмын. Шетелге кететін жөнім де, мүмкіншілігім де бар. Құдай қаласа, осы жазда бір жобаға кететін шығармын. Бұл сұрақты маған 4-5 ай бұрын қойса, мен Қазақстанда өзіме жұмыс жетерлік екенін айтатын едім. Құдайға шүкір, өз еліме еңбек етсем, соның өзі қайда жатыр”, – дейді актер.

Бұдан өзге Голливуд сахнасын жаулап, Бекмамбетовтан кейінгі екінші жұлдыз болғысы келетіндігін айтты. Бұрын-соңды журналист қауымымен тілдесуден бас тартатын актер сұхбаттың қаншалықты маңызды екенін түсінген сыңайлы.

1s

“Бұл менің журналистика мен телевидениеге деген жеке көзқарасым. Өзім көп көріне бергім келмейді. Онсыз да үлкен экраннан, телевидениеден басқа бір жобаларым көрсетіліп жатыр. Оның үстіне мен қазір әр баспасөз, газет-журналдарда немесе осындай біркүндік бағдарламаларда жүрсем, көрерменді жалықтырып аламын ба деп күдіктенемін, – деп халық сүйіспеншілігінен әлі де айырылып қалғысы келмейтінін жеткізді. Алайда көрерменнің актердың кинодағы өмірін емес, шынайы бет-бейнесін көруге асығатынын білмейтін сияқты.

DSC_6614-kopiya-1024x685

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін актер өз ұлының Бақытжан есімді сыныптасын жақсы көретінін естіген кезде, жүрегі ауырғаны туралы жазған болатынбыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар